«    Март 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




 

Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының сайтына қош келдіңіздер!  

          Біздің орталық АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу бойынша диагностикалық, профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды үйлестіру, жүргізу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға консультациялық-диагностикалық және емдеу-профилактикалық көмек көрсету міндеті болып табылатын, ерекше үлгідегі мекеме болып табылады.

         Сізді қызықтыратын барлық сұрақтарға, Сіз біздің сайттан және басшының блогынан жауап ала аласыз.

          Орталық ұсынатын диагностикалық қызметтердің сапасын жақсарту үшін төменде өз пікірлеріңізді қалдыра аласыз.

Құрметпен,  бас дәрігер К.Ж.Бурмаганов

 

 

БАСШЫ БЛОГЫ


ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ПІКІРЛЕР

 

 

Новости

20.03.2024
Ақмола облысындағы әлеуметтік жарнама

Барлығымызға «Предупрежден - значит вооружен» деген мақал белгілі, ол біздің өміріміздегі ақпараттың маңыздылығын өте жақсы ашады. Дұрыс ақпарат дұрыс емес әрекеттерден аулақ болуға көмектесіп қана қоймай, өзіне және басқа адамдарға дұрыс көзқарас қалыптастырады. Ақмола облысында өңір тұрғындары мен қонақтарын ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, Көкшетау...
15.03.2024
Туберкулез: фараон Тутанхамоннан Шопенге дейін

             Туберкулез бірнеше мың жыл бойы белгілі. Кейбір мәліметтерге сәйкес, бұл ауру тіпті фараон Тутанхамонда болған, ал әйгілі поляк композиторы және пианист Фредерик Шопен одан қайтыс болды. Жыл сайын наурыз айының соңында әлемде Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні - 1882 жылы осы ауруды тудыратын бактерия табылған күні атап өтіледі....
07.03.2024
Дәл дәріханадағыдай

  8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз өзіміздің әйел- мамандарымыз жайлы айтқымыз келеді.   Дина Нукуева - сегіз жылдан астам біздің орталықта фармацевт болып жұмыс істейді. Ардақтымыз 2000 жылы Көкшетау медициналық колледжін «Фармация» мамандығы бойынша тәмамдаған. Медициналық колледжді бітіргеннен кейін, ол жеке дәріханада фармацевт болып жұмыс істеген,...
06.03.2024
Жұмысқа және адамдарға деген сүйіспеншілікпен

  8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, орталықтың әйел мамандары жайлы айтқымыз келеді. Келесі біздің ардақтымыз-Рауза Кулибекова.   Біздің әрқайсымыз "Тазалаушы әйел" сөзін естігенде, әрқашан бір нәрсеге наразы және ашуланған әйелді елестетеміз.            Алайда, Рауза Таскариновна-бұл абсолютті қарама-қайшылық. Әрқашан ақкөңіл және...
05.03.2024
Әрқайсысына жеке көзқарас

  8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, біз маман-әйелдеріміз жайлы айтқымыз келеді.   Біздің алғашқы ардақтымыз-Валерия Лихоманова, қан алу кабинетінің медбикесі.            Ол 1972 жылы оныншы мамырда Көкшетау қаласында медицина қызметкерлерінің отбасында дүниеге келген. 1987 жылы №16 орта мектепті бітіргеннен кейін, Көкшетау медициналық...
05.03.2024
Кемсітушілік күніне байланысты болашақ медицина қызметкерлерімен кездесу

  2024 жылдың бесінші наурызында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы Жанагуль Шарипова Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттеріне "Нөл кемсітушілік" күніне арналған дәріс өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты - хабардарлық деңгейін арттыру және болашақ медицина қызметкерлерінің назарын АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту және...
29.02.2024
2023 жылы 140 мыңнан астам ақмолалық АИТВ-ға тестілеуден өтті

Бірінші наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен, бүкіл әлемде "Кемсітушілік нөлі" күні атап өтіледі. 2024 жылғы ұраны - "Әркімнің денсаулығын сақтау үшін, әркімнің құқығын қорғау". Біздің еліміздің Конституциясында азаматтардың денсаулығын қорғауға, сондай-ақ кемсітушіліктің кез-келген түрінен, оның ішінде АИТВ-ға байланысты құқықтарға нұқсан келтіруден қорғауға құқықтары бекітілген. "Халық...
22.02.2024
Махаббат қауіпсіздікке дейін ғажап-ақ!

  Облыста АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша жағдай тұрақты. 2023 жылы 145 мыңға жуық ақмолалық АИТВ-ға тестілеуден өтіп, оның 116-сы оң нәтиже көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда жаңа жағдайлардың саны бұрынғы деңгейде, алайда сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 15,8-ден 14,7-ге дейін төмендеді.   Облыс бойынша жаңадан анықталған АИТВ жағдайларының жартысына жуығы...
01.02.2024
Туберкулез және АИТВ-инфекциясы

        АИТВ жұқтырған науқастарда туберкулез қатерлі түрде жүреді, айқын иммун тапшылығы салдарынан генерализацияға және өршуге бейім.          Кең таралған және үдемелі туберкулезбен ауыратын науқас анықталған кезде, оны АИТВ-инфекциясына дереу түрде тексеру қажет. Сонымен қатар, ЖИТС-пен ауыратын науқастарды туберкулезбен ауыратын науқастар...
26.01.2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты

2024 жылғы 24 қаңтарда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының заңгері Асия Топанова "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты" тақырыбында семинар өткізді. Семинарда спикер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы міндеттерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты,...
10.01.2024
Кипрде АИТВ ның жаңа штамдары табылды

Кипр университетінің ғалымдары АИТВ-1-нің төрт жаңа нұсқасын сипаттады, деп хабарлайды  life4me.plus. ғаламтор-басылымы. "АИТВ-1 Жаңа айналымдағы рекомбинантты формаларының кешенді генетикалық сипаттамасы: Кипрдегі молекулалық эпидемиология идеялары" деп аталатын зерттеу басылымы Viruses биомедициналық журналында пайда болды. Зерттеуге 2017 жылдан 2021 жылға дейін сынама алу кезеңінде...
28.12.2023
Жылдың қорытындысы: Қолдауларыңызға рахмет!

Қымбатты достар!  2023 жылы Ақмола облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жұмысымызды қорытындылағымыз келеді. Биылғы жыл оқиғаларға, жетістіктерге және, әрине, Сіздердің керемет қолдауларыңызға толы болды. Ұнатулар, репосттар, біздің аккаунтымыздың белгілері орталықтың оқырмандарының көбеюіне ықпал етті. Егер біз 2023 жылы болған оқиғалар туралы қысқаша айтатын болсақ,...
21.12.2023
Ескертпе ақпараты
15.12.2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ережесі

2023 жылғы 14 желтоқсанда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының заңгері Асия Топанова "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ережесі"тақырыбында семинар өткізді. Семинарда спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жалпы ережелері, мақсаттары, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы...
15.12.2023
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында орталықта салтанатты жиын өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында салтанатты жиын өтті. Орталықтың әріптестерін бас дәрігер  К.Ж.Бурмаганов құттықтап, денсаулық, амандық және бейбіт аспан тіледі. Іс-шара Тәуелсіздік күніне орай өлең оқумен, әндер орындаумен жалғасты. Естеріңізге сала кетсек, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан...
07.12.2023
АИТВ-инфекциясы бойынша кездесулер жалғасуда

Біз  АИТВ-инфекциясымен шошытып, қорқытпаймыз, керісінше бұл аурудың не екенін, оның ағзамызға қалай әсер ететінін, қалай берілетінін және инфекцияны жұқтырмау үшін не істеу керектігін түсіндіреміз", - орталықтың алдын алу жұмыс бөлімінің маманы - Нурлыбек Конуспаев.    2023 жылдың алтыншы желтоқсанында Біржан сал атындағы музыкалық колледжде студенттер арасында...
05.12.2023
Өзіңізді құтқару арқылы басқаларға көмектесу

Менің Көкшетау қаласындағы ЖИТС орталығында ерікті ретіндегі оқиғам, менің АИТВ мәртебемді оң екенін білген сәттен басталды. Бұл кездейсоқ, жоспарлы ауруханаға жатқызу үшін, қан талдауларын дайындау кезінде анықталды. Әрине, бұл нәтиже мен үшін қатты күйзеліс болды. Бақытымызға орай, өмір бойы мен әрқашан мінездің беріктігімен және өмірдегі қиындықтармен үнемі күресумен...
01.12.2023
Көкшетауда АИТВ-ның алдын алу бойынша жастар акциясы өтті

Ақмола облысында бірінші желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар өзінің қисынды аяқталуына жақын. Осы күнге арналған бүкіл ақпараттық науқанның басты аккорды жыл сайынғы кең ауқымды жастар акциясы болды. Мәселен, 2023 жылғы 30 қарашада "Көкшетау" МС-да қорытынды іс-шара өтіп, онда облыс орталығының мектептерінен, колледждерінен және университеттерінен...
29.11.2023
Колония қонысындағы акция

"Қоғамдастық белсенділігі - адам құқықтарын қорғау мен ілгерілетудегі маңызды және пәрменді тетіктердің бірі", - дейді орталықтың алдын алу жұмысы бөлімінің маманы Нурлыбек Конуспаев.   2023 жылғы 29 қарашада қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "№6 мекемесінде" Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған сотталғандар арасында акция өтті. Іс-шараның спикері алдын алу жұмысы...
27.11.2023
Болашақ дәрігерлермен кездесу

"Болашақ әріптестеріммен кездесуде Мен, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көмек көрсету кезінде медицина қызметкерлерінің кәсіби және этикалық мінез-құлқының маңыздылығын жеткізгім келді. Өкінішке орай, АИТВ-позитивіне қатысты стигма мен кемсітушілік фактілері, оның ішінде медициналық ұйымдарда да орын алады", - деп пікірімен бөлісті эпидемиолог дәрігер және іс-шара спикері-...
24.11.2023
Орталықтың еріктілерімен және аутрич қызметкерлерімен дөңгелек үстел отырысы

2023 жылғы 23 қарашада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған орталықтың еріктілерімен және аутрич қызметкерлерімен дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараның басында алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі Балгын Сарбасова, ЮНЭЙДС ұсынған "Көшбасшылық- қауымдастықтарға" ұраны туралы айтып, коммуникациялық алаңның...
23.11.2023
Орталықтың мамандары арасында сыбайлас жемқорлық жөнінде оқыту

2023 жылдың 22 карашада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының заңгері- Асия Топанова, "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық актілері" тақырыбында семинар өткізді. Іс-шарада спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының нормаларын мүлтіксіз сақтау туралы айтып берді.  
22.11.2023
Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттерімен кездесу

2023 жылғы 22 қарашада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы- Жанагуль Шарипова, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Ақпараттық іс-шарада спикер облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен бөлісіп, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы хабардар...
21.11.2023
Ақмола облысында инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар арасында АИТВ-мен сырқаттанушылық екі есеге жуық азайды

Өңірде инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар арасында АИТВ-мен сырқаттанушылық екі есеге азайды, бұл туралы Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының медицина қызметкерлері өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте хабарлады. Айта кету керек, медицина қызметкерлерінің сөз сөйлеуі жыл сайынғы бірінші желтоқсанда өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес...
20.11.2023
ОПДО-да динамикалық бақылауда тұрған адамдарды АИТВ-ға тестілеумен қамту 11 %-ға артты

Өткен жылмен салыстырғанда есірткіні инъекциялық тұтыну бойынша динамикалық бақылауда тұрған адамдарды АИТВ-ға тестілеуді қамту 11% - ға ұлғайды. Бұл ретте мүдделі ұйымдардың тығыз ынтымақтастығы және түрлі бірлескен іс-шараларда тәжірибе мен білім алмасу мүмкіндігі маңызды рөл атқарды. 2023 жылғы 17 қарашада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары...
20.11.2023
Ашық есік күні

2023 жылдың 20 қарашасында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған Ашық есік күні өтті. Бұл күні фойеде келушілерді ақпараттық-білім беру материалдары мен пайдалы ақпараты бар орталықтың медицина қызметкерлері күтті. Айта кетейік, Ашық есік күнін өткізу кезінде кез-келген адам инфекционист дәрігерден,...
16.11.2023
Бурабай ауданындағы үгіт бригадаларының байқауы

2023 жылғы 15 қарашада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы бас дәрігерінің орынбасары- Сауле Жаканова Бурабай ауданында үгіт бригадалары байқауының ашылуына қатысты, олар өңірдің түкпір-түкпірінен 20-ға жуық команда жинаған. Мұндай іс-шараны Щучинск қаласының "Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырды, оның бастамасы бойынша жыл сайын...
14.11.2023
Ашық есік күні

2023 жылдың 20 қарашасында біздің орталықта Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған Ашық есік күні өтеді. Бұл күні кез-келген адам инфекционист дәрігерден, дерматовенерологтан, психологтан кеңес ала алып, сондай-ақ АИТВ-ға жедел тестілеуден өте алады. Қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі. Біздің мекен-жайымыз: Көкшетау қаласы, Темірбеков көшесі, 29 Анықтама телефоны: 8 (7162) 250754.  
10.11.2023
Мамандардың Жарқайын ауданына баруы

АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының бригадасы Жарқайың ауданына баруды жүзеге асырды. Аймақтағы инфекцияның негізгі таралу жолы - жыныстық қатынас. Сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу тетіктерінің бірі-бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар, әлеуметтік...
02.11.2023
Көкшетауда білім беру жүйесінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша онлайн кеңес өтті

2023 жылдың бірінші қарашасында онлайн форматта білім беру жүйесінде АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары, облыстың білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Кеңесті Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының...
31.10.2023
Қазақстанда Ұлттық алкогольді тұтынудан бас тарту күніне орайластырылған науқан өтуде

2023 жылғы 23-31 қазан аралығында елімізде 2021-2025 жылдарға арналған "Дені сау ұлт "әрбір азаматы үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Ұлттық алкогольді тұтынудан бас тарту күніне орайластырылған науқан өтуде. ДДҰ зерттеуінің деректері бойынша, Қазақстан алкогольдік ішімдіктерді тұтыну деңгейі жоғары елдерге жатады. Сонымен қатар, халықтың...
27.10.2023
Селекторлық кеңеске қатысу

2023 жылдың 27 қазанда бас дәрігер- Қурманбек Бурмаганов басқарған Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары 2023 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындысы бойынша, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығымен және аумақтық АИТВ-инфекциясының орталықтарының басшыларымен селекторлық кеңеске қатысты. КДИАҒО директоры- Бауыржан Байсеркин...
24.10.2023
Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

Ұлттық мереке қарсаңында орталықта салтанатты іс-шара өтті. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің № 307-XII қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл құжат еліміздің тәуелсіздігін жариялап, мемлекеттің саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Айта кету керек, 2009 жылдан бастап 2021 жылға дейін мереке тойланбаған, бірақ 2022 жылы оған ұлттық...
19.10.2023
Қарттарға назар аударылды

Ақмола АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды қолдау айлығына белсенді қатысты. Мәселен, медициналық ұйымда қарттар күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, онда жұмыс істейтін зейнеткерлер кәсіподақ комитетінің атынан естелік сыйлықтармен марапатталды, ал еңбек сіңірген демалыстағы әріптестер мен мүгедектігі бар адамдар әкімшіліктен...
19.10.2023
Орталықтың мамандары арасында сыбайлас жемқорлық жөнінде оқыту

2023 жылдың 19 қазанында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының заңгері- Асия Топанова, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу" тақырыбында семинар өткізді. Семинарда спикер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы, Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті көздейтін заңнама туралы айтып берді.  
18.10.2023
Ақмола облысы бойынша ӘМСҚ басшысы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына келді.

2023 жылғы 17 қазанда біздің орталыққа Ақмола облысы бойынша әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының басшысы- Азамат Умертаев келді. Орталықтың бас дәрігері- Курманбек Бурмагановпен кездесуде, медициналық ұйым жүзеге асыратын қызметтер және олардың сапасына мониторинг жүргізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Орталықтың қонақтарын зертханалық қызметтің және емдеу-алдын алу...
17.10.2023
Тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды

Қазақстанда 1 қазаннан бастап барлық ересек тұрғындарға және де жүкті әйелдерге үшін тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Мусина Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атап өткендей, ЖРВИ мен тұмаудың ағымдағы эпидемиялық маусымына жергілікті бюджет есебінен "Гриппол Плюс" вакцинасының 104 440 дозасы сатып алынды,...
10.10.2023
Туберкулездегі стигма мен кемсітушілік емдеуге қалай әсер етеді

Туберкулезге байланысты стигма мен кемсітушілік аурудың таралуын болдырмауға ең маңызды кедергі болып табылады. Олар туберкулез инфекциясының таралуына жағдай жасайды, оны анықтауға және емдеуге елеулі кедергілер жасайды. Стигма көптеген факторларға негізделген, соның ішінде алалаушылық пен суымшылдық, ауруды түсінбеу, туберкулездің берілу жолдары, оны емдеу мүмкіндіктері...
06.10.2023
Көкшетауда АИТВ-инфекциясының алдын алуы бойынша тоғыз акция жүргізілді

Соңғы акция Орталықтың қалалық саябағында таза ауада өтті. Бұл 2023 жылы осындай тоғызыншы іс-шара болып отыр. Бесінші қазанда Тәуелсіздік монументінің жанындағы алаңда жедел тестілеу мен кеңес берудің мобильді пункті ашылды, онда әркім өзінің АИТВ мәртебесін біліп, мамандардан кеңес ала алады. Бұл күні күздің шуақты ауа-райының арқасында саябақта адамдар көп болып, бұл...
03.10.2023
Инфекционистің тегін консультациялық қабылдауы

Ақмола облысында қарттар мен мүгедектер айлығына орай біздің орталық акцияны іске қосады. Осы жылдың қазан айының әр бейсенбісінде тыл еңбеккерлері, зейнеткерлер және мүгедектер үшін сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін инфекционист дәрігердің тегін кеңесі өтеді. Қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі. Біздің мекен-жайымыз: Көкшетау қаласы, Темірбеков көшесі, 29. Анықтама телефоны: 8 (7162) 722228.
02.10.2023
Аршалы кенті пенитенциарлық мекемесінің жеке құрамымен семинар

2023 жылғы 28 қыркүйекте Аршалы кентінің №2 мекемесінің жеке құрамымен семинар өтті. Оны Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Батеш Бапенова жүргізді, ол пенитенциарлық мекемелердегі АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал және тергеу изоляторы қызметкерлерінің кәсіптік инфекциясының алдын алу - арнайы...
27.09.2023
Ақмола облысында байланысқа дейінгі АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары өткен жиында талқыланды

              2023 жылдың 26 ​​қыркүйегінде Көкшетау қаласында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мен Көпбейінді облыстық ауруханасы арасында бөлім ішілік кеңес өтті. АИТВ орталығының мамандары мен Дерматовенерологиялық орталықтың дәрігерлері қатысқан кездесуде негізгі топтар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері, сондай-ақ Достық...
22.09.2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

  2023 жылдың 22 қыркүйегінде Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының заңгері Асия Топанова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты түсіндіру бойынша семинар өткізді. Іс-шарада спикер қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу туралы айтты.    
19.09.2023
Халық арасындағы қыркүйек науқаны

  Бүгін, 2023 жылғы 19 қыркүйекте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің мамандары ақпараттық науқанды өткізу мақсатында Көкшетау қаласының тұрғындарымен кездесуге қайта шықты, онда дәстүр бойынша әрбір тілек білдіруші бірнеше минут ішінде жедел тестілеу әдісімен өзінің АИТВ мәртебесін біле алды. Терезенің сыртында плюс 20, сондықтан...
15.09.2023
Полиция департаментінде АИТВ-инфекциясының алдын алу

  2023 жылғы 22 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша полиция департаментінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық кездесу өтті.  Іс-шарада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог  дәрігері-Б.Сарбасова сөз сөйледі. Презентация  барысында дәріскер полиция қызметкерлеріне АИТВ және ЖИТС деген не, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай,...
10.09.2023
Қазақстандағы Отбасы күні

  Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Бұл мереке 2013 жылдан бастап республикамыздың мерекелерінің тізіміне енгізілді. Биыл жылы осы мереке 10 қыркүйекке келеді. Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу құндылықтарды ілгерілетуге және отбасы мен некенің оң беделін дамытуға, отбасы мәртебесін көтеруге, отбасы институтын нығайтуға, ата-аналардың...
29.08.2023
Конституция - қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы

Бүгін орталығымызда еліміздің Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Ол кез-келген мемлекеттік мереке сияқты Әнұраннан басталды. Салтанатты іс-шараны аша отырып, орталықтың бас дәрігері- Курманбек Бурмаганов, әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтап, мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың өміріндегі негізгі заңның рөлін атап өтті. Іс-шара бас...
25.08.2023
«Мектепке жол» акциясы

Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы "Мектепке жол" республикалық акциясына ат салысты. Орталықтың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы - Асель Балтабаева, кәсіподақ комитетінің атынан кәсіподақ ұйымының мүшелеріне мектепке кеңсе тауарлары мен балалар киімін сатып алу үшін сыйлық сертификаттарын табыс етті.
25.08.2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі: не, неге және неліктен

2023 жылғы 25 тамызда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының заңгері Асия Топанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ережелерді түсіндіру бойынша семинар өткізді.Іс-шарада спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін, функциялары мен өкілеттіктерін айтып берді.